2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Алаш қайраткері Мұхаметжан Тынышпаевтың ұлы қайтыс болды

Қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері Мұхаметжан Тынышбайұлының ұлы, техника ғылымдарының докторы Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаев өмірден өтті. Қаралы хабарды баспагер әрі қоғам белсендісі Бақытжан Бұқарбай жеткізді.

 Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаев
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. "Алаштың арысы Мұхаметжан Тынышбайұлының туған ұлы, техника ғылымдарының докторы Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаев (1931-2024) екі күн бұрын АҚШ-та дүниеден озды деген суық хабар келді. Атамыздың туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз", – деп жазды ол.

Дәулет Тынышпаев 1964 жылы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтында "Мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша кандидатық диссертациясын қорғады. Сол жылы ол Уфа қаласындағы НИИ мұнайының зертханасын басқарды. 1983 жылы магматикалық құрамдардың жерасты қасиеттерін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу бөлімін құрды және оны 2001 жылға дейін басқарды. Бұл жерде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары геологиялық іздеу, мұнай және газ өндіру, кен орындарына арналды. 150-ден астам ғылыми жұмыстар жазған.

Қазір оқып жатыр

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов