Алакөлге екі пойыз жүретін болды
Алакөл көліне екі жолаушылар пойызы жүретін болды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Ел тұрғындарының арасында Алакөл көлінің бағытына теміржол билеттерінің сұранысқа ие болуына байланысты 18 маусымнан бастап "Нұр-Сұлтан-1 – Достық" № 257/258 жолаушылар пойызы және 19 маусымнан бастап №453/454 "Алматы-2 – Достық "пойызы іске қосылады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, теміржол билеттерінің сатылымы шыққан күннен бастап, яғни 2020 жылдың 15 мамыр мен 15 маусым аралығында ресімделген билеттерінің саны миллионан асса, 2019 жылдан бастап "Күту парағы" қызметін 118 мыңнан астам адам пайдаланды.
Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы: жалпы ұйғарылған санитарлық-карантиндік талаптарды сақтауды, әлеуметтік қашықтықты (1 метрден кем емес) ұстануды, жеке қорғаныш құралдарының (бетперделер, антисептиктер, бактерияға қарсы майлықтар, қолғаптар) қажетті қорын ұмытпауды, саяхатты жоспарламас бұрын жалпы санитарлық дәрігерлердің соңғы қаулыларымен, сондай-ақ белгілі бір өңірде қолданысқа енгізілген басқа да ережелермен танысуды ұсынады.
«Алакөл көліне бағытталған пойыздардың тізбесі:
1) 2020 жылдың 02 маусымнан бастап №22/21 "Қызылорда - Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай-Достық" пойыздарының құрамдарында "Алматы-1-Достық" тікелей вагондары бір күн сайын қатынайды;
2) 2020 жылдың 02 маусымнан бастап №121/122 "Нұр-Сұлтан - Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай - Достық" қала маңы пойыздарының құрамдарында "Нұр-Сұлтан-1-Достық" тікелей вагондары бір күн сайын қатынайды;
3) 2020 жылдың 11 маусымнан бастап №459-6941/6942-460 "Өскемен-Шар-Достық" пойызы бір күн сайын қатынайды;
4) 2020 жылдың 11 маусымынан бастап №457-6941/6942-458 "Семей-Шар-Достық" пойыздары бір күн сайын қатынайды;
5) 2020 жылдың 12 маусымнан бастап №54/53 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Достық" пойызы аптасына екі рет қатынайды;
6) 2020 жылдың 14 маусымнан бастап №255/256 "Алматы-2 – Достық" пойызы аптасына үш рет қатынайды.
7) 2020 жылдың 18 маусымнан бастап №257/258 "Нұр-Сұлтан-1 – Достық" пойызы аптасына екі рет қатынайды;
8) 2020 жылдың 19 маусымнан бастап №453/454 "Алматы-2 – Достық" пойызы аптасына үш рет қатынайды.
9) №6941/6942 "Ақтоғай-Достық" қала маңы пойызы күн сайын қатынайды», - делінген хабарда.