Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алакөлге ұшақпен барамын десеңіз...

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөлдің Шығыс Қазақстан және Алматы облысындағы жағалауларына ұшақ қатынасы туралы айтты. 

Алакөлге ұшақпен барамын десеңіз...
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәліметке сәйкес Алакөлге туристік рейстердің барлығы субсидияланады. Билет бағасы 10 - 16 мың теңге аралығында.

Алматы облысына «SCAT» әуе компаниясы» АҚ, Шығыс Қазақстан облысына «Оңтүстік аспан» АҚ қатынайды.

Атап айтқанда, «SCAT» әуе компаниясы» АҚ рейстерді сыйымдылығы 50 адамдық «Bombardier CRJ200» типті әуе кемесімен орындайды:

- Нұр–Сұлтан – Үшарал - Нұр-Сұлтан бағытында биылғы 27 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 16 000 теңге.

- Алматы - Үшарал - Алматы бағытында 28 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Бір жаққа билет құны 10 000 теңге.

Ал «Оңтүстік аспан» АҚ сыйымдылығы 50 адамдық «АН-24» ұшағымен келесі рейстерді орындайды:

- Алматы – Үржар - Алматы бағытында биылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 14 000 теңге.

- Нұр-Сұлтан – Үржар - Нұр-Сұлтан бағытында 2020 жылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 16 000 теңге.

«SCAT» әуе компаниясы» АҚ өтінімі бойынша қыркүйек пен қазан айларында жиіліктің азаюын ескере отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Үшаралға аптасына қосымша 7 рейске көшіру мәселесі қарастырылуда.

Сондай-ақ, министрлік 2020 жылға бөлінген субсидия көлемін ұлғайту және халықтың туристік қажеттілігін қанағаттандыру үшін Алматы-Жезқазған-Алматы, Нұр-Сұлтан - Балқаш - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан – Үшарал - Нұр-Сұлтан бағыттарында қосымша рейстерді шілде айынан бастап іске қосу мәселесін пысықтауда», - делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді