USD
USD
USD

Алакөлге пойызбен баруға болады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Алакөлге қалай пойызбен жетуге болатындығын жария етті.

Алакөлге пойызбен баруға болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Компания мәліметіне қарағанда, белгіленген ережеге сәйкес, Қазақстанда жолаушылар пойыздарының жүрісі үш кезеңде басталады: Бірінші кезең – 1 маусымнан; Екінші кезең – 10 маусымнан. Алакөл көліне дейін келесідей бағыттарға теміржол билеттерінің сатылымы ашылды: 2 маусымнан бастап №6941/6942 «Ақтоғай-Достық» және №22/21 «Қызылорда - Семей» пойыздары құрамында «Алматы - Достық» вагондар жолға шығады. Пойыз күнара жиілікпен қатынайды және басқа вагонға ауысып міну қажеттілігі жоқ. Сонымен қатар, дәл осы күннен бастап №121/122 «Нұр-Сұлтан - Семей» және №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» пойыздары құрамында «Нұр - Сұлтан-Достық» вагондары тіркеледі. Ал 12 маусымнан №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы аптасына екі рет қатынай бастайды. Мұнан бөлек, аталған бағытқа сұраныстың жоғары екендігін және эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, Қазақстанда қосымша келесідей пойыздар жолға шығуы мүмкін: 1) №13/14 «Алматы – Достық», аптасына 3 рет; 2) №258/257 «Нұр-Сұлтан – Достық», аптасына 2 рет; 3) №453/454 «Алматы – Достық», аптасына 3 рет; 4) №457/6941//6942/458 «Семей - Шар – Достық», күнара; 5) №459/6941//6942/460 «Өскемен - Шар – Достық», күнара. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Алакөл көлі бағытында сұраныс артса қосымша вагондар ұсынуға дайын.

Қазір оқып жатыр

«Менің дауысым не өзгертеді?»: сайлаушы енжарлығының салдары

сайлау

Қазақстанға кіру үшін шетелдіктерге арналған электронды рұқсат жүйесі енгізілмек

электронды рұқсат

Қазақстанның мемлекеттік қарызы үш айда 1,65 трлн теңгеге өсті

Ақша

Аша Матай Құрылтай депутаттығына кандидат болудан бас тартқаны рас па?

Аша Матай