USD
USD
USD

Алакөлдегі бірнеше демалыс базасынан өрт шықты

Алакөлде 4 демалыс орны өртеніп, жеті адам зардап шекті.

Алакөлдегі бірнеше демалыс базасынан өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алакөл жағасындағы демалыс базасында алдын ала есептелгендей 3 мың шаршы метр аумақ өртенген. 4 демалыс орны бүлінді. Бір-біріне жалғап салынған ағаш үйлерге өрт жылдам тарады. Оның үстіне қатты жел де өртті сөндіруге кедергі келтірген. 5 сағат 40 минутқа созылған алапат өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті және полиция, жергілікті органдардан келген 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккен 7 адам медициналық көмекке жүгінген. Алайда олар ауруханаға жатудан бас тартқан», - делінген Абай облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында. 

Өрттің неден шыққаны анықталуда. Оқиға орнында оперативтік штаб жұмыс істеп жатыр. Айта кетсек, 4 шілде күні сағат 23:20-да Үржар ауданындағы Алакөл жағасындағы демалыс базасында өрт шыққан. Қатты желдің кесірінен қызыл жалын қас пен көздің арасында көрші базаны шарпып үлгерген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда AI мамандарын даярлайтын жаңа университет ашылады

Жаслан Мәдиев

Жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді – Мәдиев

комиссия

Қазақстанда бүгіннен бастап электрсамокат пайдалану ережесі күшейді: не өзгерді?

Элеткрсамокат

Тоқаев қазақстандықтарды жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтады

Конституция