USD
USD
USD

Алакөлде туристік маусым қашан басталады?

 Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс орындары туристерді қабылдауға әзірленіп жатыр.

Алакөлде туристік маусым қашан басталады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында облыстық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Инара Бодукова карантинге байланысты туристерді қабылдау бірнеше кезеңге бөлінгенін айтты. Курорттық санаторий мен емдеу-сауықтыру орындары жұмысын 3 маусымнан бастаса, туризмнің басқа түрлері 6 маусымда ашылмақ. «Үржар ауданындағы Алакөл 13 маусымнан бастап демалушыларды қабылдайды. Осы ретте республиканың, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығымен белгілі бір нормалар мен талаптар бекітілген. Бұл талаптар базалардың және туристік агенттіктердің барлық иелеріне түсіндірілді», - дейді Инара Бодукова. Айта кету керек, арнайы құрылған жұмыс тобы демалыс орындарын аралап, ондағы дайындықты тексерді. Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, облыс туристік маусымға әзір отыр.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Бибарыс

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

Конституциялық сот

Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейн ісіне қатысы бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр

Қадағалаушы орган

Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

 Рыс Бибарыс