USD
USD
USD

Алакөлде демалу үшін коронавирус тестінің анықтамасы керек

Алакөлдің  тек шығыс жағалауына биыл  700 мыңнан аса турист келеді деген болжам бар. Өйткені шекара  жабық болғандықтан халықтың көбі ішкі туристік орындарға жолдама алып жатыр.

Алакөлде демалу үшін коронавирус тестінің анықтамасы керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірақ  демалыс  орындарына  сақтық үшін 50 проценттік жүктеме талабы қойылып отыр. Яғни бір нысан 100 орынға есптелсе 50 адам ғана қабылдайды.  Қазір жағажайлар санитарлық талапқа негізделіп жатыр. Жалпы ел бойынша  бүгіннен бастап жағажайсыз туристік нысандар адамдарды қабылдауда. Ал Алакөлдегі демалыс орындары маусымның 12-де нақты ашылады. Нұр-Сұлтан-Үржар, Алматы-Үржар және Өскемен мен Семейден Үржарға аптасына бірнеше ұшақ ұшатын болады.

Билет құны Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Үржарға дейін 16 мың теңге болса пойызбен  3,5 мың теңгеге жетуге болады. Қазір жолдамалар сатыла бастады.      Марат Қабақов, облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы: - Туристік сұраныс өте көп. Былтырғыдан көп. Екі есе. Өйткені шекра жабық елдің бәрі шет елге шыға алмай жатыр. Ең бастысы, қойлатын талап, туристердің Алакөлге келгенде қолдарында жедел тесттің немесе ПТР тесттің анықтамасы болуы.

Қазір оқып жатыр

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Өрт

Тоқаев Нұрбекке жоғары білім сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Нұрбек, Тоқаев

Ұлытау облысында оңалту орталығы аутизмі бар баланы қабылдаудан бас тартқан

оңалту орталығы