USD
USD
USD

Алакөлде катер қағып кеткен әйел көз жұмды

Оқиға жағалаудан шамамен 200-250 метр қашықтықта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел адам қауіпсіздік аймағынан асып, ары қарай жүзіп кеткен. Сол кезде келе жатқан катер оны байқамай қағып кеткен.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жарақаттың ауырлығынан зейнеткер оқиға орнында көз жұмды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, катер тізгінінде болған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қажетті сот-медициналық және техникалық сараптамалар тағайындалды.

— Су көлігін басқару және пайдалану ережелері бұзылуының адам өліміне әкеп соғуы фактісі бойынша Қылмыстық Кодексінің тиісті бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында уәкілетті органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа коксты батареялар мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі