USD
USD
USD

Алакөл жағалауында туристік полиция қызмет етеді

Шығыс Қазақстан облысында туристік полиция қызметкерлері 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Алакөл жағалауында туристік полиция қызмет етеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жергілікті полиция қызметі құрамында туристік полиция құрылған. Ондағы тәртіп сақшыларының негізгі міндеті - қиын жағдайға тап болған туристерге жәрдем көрсету.

Сондай-ақ олар туристік маусым кезеңінде (15 маусымнан 30 тамызға дейін) Алакөлдің жағалауында туристік объектілердің аумағын патрульдеп, туристердің өмірін, мүлкін қорғайды.

Бүгінде Алакөл жағалауында 180-нен астам демалыс орны мен 65 қызмет көрсету және сауда объектісі орналасқан.

«Қазіргі күні туристік полиция материалдық-техникалық тұрғыда толықтай қамтылған. Оның ішінде байланыс және құқық бұзушылықтарды тіркеудің техникалық құралдары, қызметтік автокөліктер және суда қозғалу құралдары бар. Полиция департаменті Алакөл көлі жағалауында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жыл сайын қосымша 50 қызметкерді және 5 автокөлікті тартады», - делінген хабарламада.

Азаматтарды қабылдау және жеткізу үшін 5 стационарлық бекет жұмыс істейді. Туристік кезең басынан бері 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Қазір оқып жатыр

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат