USD
USD
USD

Алабайды айуандықпен өлтіргендер ұсталды

Оқиға «Малиновый сад» саяжайында 23 қаңтарға қараған түні болған. Алабайды екі адам айуандықпен өлтіріп, күшіктерін жарақаттаған, деп хабарлады «Мой ГОРОД».

Алабайды айуандықпен өлтіргендер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Ол өте мейірімді ит еді. Олар оны шынжырдан шешіп, алып кетткен. Егер ол қабаған болса, олар мұны қалай жасады? Күшіктер қатты зардап шеккен жоқ, тек бірнеше жерінен жарақаттаған, – дейді қоғам белсендісі Лариса.

Әйелдің айтуынша, ол иттің иесі екеуі бірден полиция шақырған, алайда учаскелік полиция қызметкері келген. Содан ол тағы да 102-ге хабарласып, жедел топтың келуін талап еткен. 

Лариса екі күдіктіні де біледі, оның үстіне итті қалай азаптағанын да өз көзімен көрген. Ол ер адамдардың иттің иесімен жанжалдасып қалғанын айтты. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, күдіктілер бұрын зорлық-зомбылық жасағаны үшін де ұсталған. 

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы - жануарларға қатыгездікпен қарау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Серік Сәпиев Астана халықаралық қаржы орталығында жеке компаниясын тіркеді

.

Құрылтайдың әр депутатына жылына 155 млн теңге жұмсалатыны рас па?

Құрылтай бюджеті

Қазақстан мұнай өңдеу көлемін 18 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейін арттырмақ

Мұнай экспорты

Аз төлем қарызды өтеуге есептелмейді: FinKelisim ережелері өзгермек

Қарыз