USD
USD
USD

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Наурызда Алматының әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол-көлік апаты бойынша айыпталған Александр Пакке бүгін, 22 маусымда үкім шықты. 

Александр Пак
Фото: Әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья Еркін Майшинов жариялаған үкімге сәйкес, 1993 жылы туған сотталушы Александр Пак Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі бойынша (Алкогольдік масаң күйде абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) кінәлі деп танылды.

Сот оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болды.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор да Zeekr көлігінің жүргізушісі Александр Пакты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанын жазған едік.

Қайғылы жағдай биыл 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында болған. Апат салдарынан үш адам – Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы әйел қаза тапқан. Тергеу мәліметінше, Пак басқарған Zeekr көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Mercedes-пен соқтығысқан.

Сотта Александр Пак өз кінәсін толық мойындап, заңға сай жазасын өтеуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

«Маған шартты жаза қолдануға болмайды. Істеген ісім үшін тиісті жазаны өтегім келеді және соған дайынмын. Бұл – үлкен трагедия», – деді ол.

Бұған қоса ол аздап сыра ішкенін, алайда масаң күйде болмағанын, сондай-ақ апат алдында көліктен ақау белгілері байқалғанын айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

«Әділет» партиясы