USD
USD
USD

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

Алматыда қалалық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаевтың жүргізушісі Әсет Жақсылықовқа қатысты сот процесі басталды.

сот тыңдауы
Фото: Видеодан кадр

Астана, NEGE. Ол қызметте әрекетсіздікке жол берді деп айыпталып отыр, деп хабарлайды «31 арна». Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл әрекетсіздік әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өліміне әкеп соқтырған жол апатына себеп болуы мүмкін.

Алғашқы берген жауабында жол апаты болған түні жүргізуші Әсет Жақсылықов пен тергеу нұсқасы бойынша жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған Александр  Пак екеуі бірін-бірі кезек-кезек басып озғаны айтылған.

Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаевтың айтуынша, сол күні күдікті оны қызметтік тапсырмамен алып жүрген, кейін үйіне жеткізіп, көлікті автокөлік шаруашылығына апаруы тиіс болған.

Сондай-ақ Ержан Ұзабаев Александр Пакпен жеке таныс емес екенін, оны тек сырттай білетінін және шетелде кездесіп қалғанын айтты. Бұған қоса ол бұрынғы жүргізушісіне оң мінездеме берді.

Еске салсақ, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 21 наурызға қараған түні Алматының әл-Фараби даңғылында болған. Апат салдарынан үш адам – Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы қыз қаза тапты. Тергеу мәліметінше, Пак басқарған Zeekr көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Mercedes-пен соқтығысқан.

Жол-көлік апаты бойынша айыпталған Александр Пакке 22 маусымда үкім шықты. Сот оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Ал Ұзабаевтың жүргізушісіне қатысты бұған дейін Қылмыстық кодекстің 362-бабы – «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Оған тыйым салынған сериядағы мемлекеттік нөмірді заңсыз берген деген айып тағылған. Алайда 3 маусымда қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Бір айдан кейін қайта төсеудің қажеті қанша?»: Алматыда аялдамадағы плиткаға қатысты түсініктеме берілді

Скрин

Базалық мөлшерлеме төмендеді: банктер несие пайызын қашан азайтады?

Банкир

Тоқаев: Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Депутат жүрек ауруларының алдын алу үшін скринингті 18 жастан бастауды ұсынды

Жұлдыз Данбаева