USD
USD
USD

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

Алматының әл-Фараби даңғылында наурызда болған жантүршігерлік жол апаты бойынша тергеу аяқталды. Апат салдарынан үш адам қаза тапқан еді.

жол апаты
Фото: kris_p_almata

Астана, NEGE. Бұл жөнінде адвокат Олег Чернов хабарлады.

«Әл-Фарабидегі апат бойынша істі зерттеуге кірістік. Іс бітті», – деп жазды адвокат Instagram-дағы жеке парақшасында.

Еске салсақ, 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан Mercedes-тің жүргізушісі мен екі жолаушы қыз қаза тапты. ІІМ мәліметінше, адам өліміне әкелген жол апатына күдікті Zeekr жүргізушісі апат кезінде жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде болған.

Полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары, әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.

Жол апатында күдікті ретінде танылған Zeekr автокөлігінің жүргізушісі 7 сәуірде ауруханадан тергеу изоляторына этапталды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек