USD
USD
USD

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты іс бойынша алдын ала сот отырысының күні белгіленді.

жол апаты
Фото: Видеодан кадр

Астана, NEGE. Алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні сағат 15:00-де Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында өтеді. Бұл жөнінде адвокат Олег Чернов мәлімдеді. Ол сотта жол апатынан қаза болған 29 жастағы Mercedes жүргізушісі туыстарының заңды мүддесін қорғайды.

Еске салсақ, Алматыдағы жол апаты 21 наурызға қараған түні болған. Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан Mercedes жүргізушісі мен ішіндегі екі қыз қаза тапты. ІІМ мәліметінше, адам өліміне әкелген жол апатына күдікті Zeekr жүргізушісі апат кезінде жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде болған.

Жол апатынан кейін полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары, әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.

Жол апатында күдікті ретінде танылған Zeekr автокөлігінің жүргізушісі 7 сәуірде ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы