USD
USD
USD

Еліміздің еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков өмірден озды

Қазақ өнерінің қабырғасын қайыстырған хабарды белгілі әнші Сәкен Майғазиев инстаграм-парақшасында жазды.

Еліміздің еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков өмірден озды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ақжол Мейірбеков ағамыз Раббысына қайтыпты. Мейірімі шексіз, құдіреті күшті Алла тағала фирдаус жәннатты нәсіп етсін. Өте жақсы адам еді», – деп жазды әнші өз парақшасында.

Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданса, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салған. Әнші 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды.

Ал 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды. Музыкант 2010 жылы қайтадан «Дос-Мұқасан» тобына оралып, осы күнге дейін ансамблдің әншісі болды.Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, құрмет орденінің иегері және ерен еңбегі үшін медалінің иегері атағына ие.

 

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков