USD
USD
USD

Ақжарқын Тұрлыбайдың сотталуына кінәлі деген нигериялық Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін

Ақжарқын Тұрлыбайдың есірткі тасымалдауына кінәлі нигериялық Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақжарқын Тұрлыбайдың сотталуына кінәлі деген нигериялық Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осы жылғы 20 маусымда Нигерияда Интерполдың Қазақстан Республикасы ІІМ-дегі Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ҚР ҚК 259-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды. Қазіргі уақытта оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы процессуалдық шешім қабылдау мақсатында қажетті материалдар Интерполдың Нигерия ҰОБ-на жолданды», - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбет қорғауындағы қазақстандықтың Қытайға сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген нигериялықтың ұсталғанын хабарлаған еді.

Қытай тарабы Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартып отыр.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция