USD
USD
USD

АҚЖАЙЫҚТА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласының Қаратау ауданы «Ақжайық» шағынауданында 14 көпқабатты үйдің 2 ауласында балалар ойын алаңшасы мен жаттығу тренажерларын орнату жұмыстары жүргізілді. 

АҚЖАЙЫҚТА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Мердігер мекеме «НұрекАзияБизнес» ЖШС және «АгроСпецМонтаж» ЖШС нысандарды қараша айында тапсыруды жоспарлап отыр. 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шағынаудандағы №63/27, 69/36, 37, 38, 40, 43, 44 үйлердің аулаларында орналасқан балалар ойын алаңшасының құрылысымен танысып, жұмыс сапасын бақылады. Қала әкімі тұрғындарға енді абаттанған аумақты күтіп-ұстау қажеттігін айтты.

Биыл Ақжайық, Тұран, Асар шағынаудандарында 21 ауланы (39 үй) абаттандыру үшін 405,1 млн теңге қаржы қаралды. Құрылыс жұмыстары қарашада аяқталып, жаңа нысандар ел игілігіне беріледі. Шаһарда аулалар жаңартылып, қолайлы орта қалыптасып келеді. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы табысты іске асуда.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек