USD
USD
USD

Ақтоты Райымқұлова туризмді жандандырмақ

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова туризмді жандандыру бағытындағы нақты міндеттерді атады. 

Ақтоты Райымқұлова туризмді жандандырмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Пандемия жағдайында ішкі туризмнің қаншалықты сұранысқа ие болатынын көзіміз жетті. Бұл жағдайда дағдарысты проблема ретінде ғана емес, оны біз жаңа мүмкіндіктер ретінде қарастыруымыз керек. Мемлекеттің міндеті – туризм нысандарына қажетті инфрақұрылым дамыту және бизнес үшін қолайлы инвестициялық жағдайды қамтамасыз ету. Бұл бағытта бірқатар шаралар қабылданды», – деді Ақтоты Райымқұлова министрліктің алқа мәжілісінде.

Министрдің айтуныша туристік қоғам, жергілікті атқарушы органдар үшін өңірлердің географиялық және тарихи-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа ұлттық туристік өнімдерді әзірлеу маңызды міндеттердің біріне айналуы тиіс.

Бұл туристік өнімдер ішкі ғана емес, шетелдік туристердің қызығушылығын арттыруға бағытталуы керек.

«Келесі маңызды міндеттердің бірі - туристік қызметтердің экспорты мен импорты арасындағы алшақтықты азайту. «Қазақтуризм» ұлттық компаниясы осы турөнімдердің агрегаторына айналуға тиіс», – деді ол.

Министрдің сөзінше, алдағы уақытта келесі міндеттерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

1) жалпы инвестиция көлемі 1,1 трлн теңге және 22 мың жұмыс орнын құру;

2) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, негізгі туристік дестинацияларда инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруды қамтамасыз ету;

3) ішкі туристердің 4,5 мың адамға дейін өсуін қамтамасыз ету (2020 жылға қарай+22% );

4) жаңа редакциядағы салалық заң қабылданғаннан кейін заңға тәуелді актілерді әзірлеу және бекіту;

5) Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, ұлттық парктерде туристік инфрақұрылымды дамыту мәселесін пысықтау;

6) E-Qonaq ақпараттық жүйесін енгізу;

7) Қазақстанның туристік әлеуетін ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да ілгерілету бойынша имидждік іс-шаралар өткізу.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес