Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақтөбенің сот орындаушылары шошқа фермасы жұмысының бір бөлігін тоқтатты

Ақтөбедегі шошқа фермасында енді көң шығарылмайды, ағынды суды төгуге рұқсат жоқ

Ақтөбенің сот орындаушылары шошқа фермасы жұмысының бір бөлігін тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылында орналасқан «Парижская коммуна XXI» ЖШС-да экологиялық заңнаманың бұзылуына байланысты сот үкімімен 7 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынған еді. Соттың шешімімен Ақтөбе облыстық Экология департаментінің лас суды төгу мен көң сақтау қызметін тоқтату туралы талап-арызы да қанағаттандырылды. Екі шешім де бүгінгі күні күшіне енді.

«Сот орындаушылары серіктестікке лас суды төгу және көң қоймасының жұмысын тоқтату туралы хабарлама жолдады. ​Алайда «Парижская коммуна XXI» ЖШС тарапынан сот шешімдерін орындау бойынша тиісті шара қабылданбады және оларды орындауға ниет білдірмеді. Сот орындаушылары құбырларды дәнекерлеп, көң қоймасының есігіне құлып салды», - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Қазіргі кезде шошқа фермасының иесі Гайк Тертерян үйқамақта отыр. Оған қатысты қылмыстық тергеу  басталды.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық