USD
USD
USD

Ақтөбелік тұрғын алаяққа алданып қалды

Ақтөбелік тұрғын алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Pol

Ақтөбелік тұрғын алаяққа алданып қалды
Фото: NEGE.kz

isia.kz.

Алматы, NEGE. 37 жастағы ақтөбелік әйел Instagram арқылы “eGov” қызметтерімен және несие тарихын тазартумен айналысамыз деген хабарламаны тапқан. Хабарламада көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалған әйелге оның несие тарихын 20 күннің ішінде тазартып беретіні айтылған. Бұл үшін жәбірленуші өз қызметін ұсынған әйелге мобильді қосымша арқылы 40 мың теңге сомасында ақша аударған. Соңында ақтөбелік әйел қызметті де, өз ақшасын да ала алмаған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақтөбе қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысының полиция департаменті бейтаныс адамдарға ақша аудармауды, күмәнді және заңсыз қызметтерді ұсынғанғандарға сенбеуді ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Министр Сәденов олигарх Рашид Сарсеновтің «крышасы» ма?

.

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким