USD
USD
USD

Ақтөбелік полицейлер өрттен үш адамды аман алып қалды

21 сәуір Қанат Жетпісбаев, Сәбит Адай, Ерсұлтан Төлеп  патрульдік полицейлері Ақтөбе қаласы Жангелдин көшесінде жеке үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабарлама алған.

Ақтөбелік полицейлер өрттен үш адамды аман алып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған мекен-жайға келген полицейлер алдыңғы есіктің жалынға оранғанын көрген. Терезеден олар еденде адам жатқанын көріп, терезені сындырып, өртеніп жатқан үйге кірген. Екі әйел мен ер адамды терезеден алып шыққан.  

Құтқарылғандарды қауіпсіз жерге шығарғаннан кейін полицейлер үйде екі кәмелетке толмаған бала қалғанын естіген, бірақ үйге қайта кіру мүмкін болмады.

Келген өрт сөндірушілер газқағарлардың көмегімен үйге кіріп, өртті сөндірген.

Осы өрт салдарынан 2013 және 2019 жылы туған екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе