USD
USD
USD

Ақтөбелік оқушы тауып алған телефонның ішіндегі банк қосымшасынан ақша жұмсаған

Ақтөбелік оқушы тауып алған телефонның ішіндегі банк қосымшасынан ақша жұмсаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбелік оқушы тауып алған телефонның ішіндегі банк қосымшасынан ақша жұмсаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицияға 59 жастағы әйел арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол телефонын жоғалтқаннан кейін, оның банктік қосымшасынан ақша алынған.  Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізу барысында 15 жастағы оқушыны анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Алдын ала тергеу барысында белгілі болғандай, 9-сынып оқушысы көшеден телефон тауып алып, телефонға орнатылған банктік қосымшаның құпия санын қалпына келтіру арқылы бір кеште шоттан 100 мың теңгеден астам ақша жұмсаған.

Ақша ұрлау дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала