USD
USD
USD

Ақтөбелік мейірбике вакцина паспортын сатумен айналысқан

Ақтөбе қаласындағы емханалардың бірінде жұмыс істейтін мейірбике 67 адамға вакцина паспортын жасап берді. Ол әр құжат үшін 15 мың теңге алды.

Ақтөбелік мейірбике вакцина паспортын сатумен айналысқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе қаласындағы емханалардың бірінде жұмыс істейтін мейірбике қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды. Ол 67 адамды вакцина алғандар тізіміне енгізіп, бұл қызметі үшін әрқайсысынан 15 мың теңге ақы алған.

«Тергеу барысында мейірбике әрбір жалған құжат үшін әр адамнан 15 000 теңге ақшалай сыйақы алғанын айтты. Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» және «Заңсыз сыйақы алу» баптары бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе