USD
USD
USD

Ақтөбелік ірі шаруа қожалықтары әлеуметтік мәселелерді шешуге 500 млн теңге бөлді

Аймақтағы Қарғалы ауданының ірі шаруа қожалықтары ауылдардың әлеуметтік мәселелерін шешуге және дамытуға 500 млн теңге бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбелік ірі шаруа қожалықтары әлеуметтік мәселелерді шешуге 500 млн теңге бөлді
Фото: NEGE.kz

Ақтөбе, NEGE. Қарғалы ауданына жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қайырымдылық жобасы қатысушыларымен, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өкілдерімен, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімі көлемін және оның қосылған құнын арттыру стратегиялық міндет екенін атап өтіп, кооперативтерді дамытуға 1 трлн теңге бөлуді тапсырды.

Жоба жүзеге асса, ауылда жұмыс орындары құрылып, мал мен құс саны артып, қатысушылардың табысы екі есеге көбейеді. Біз жауапкершілікпен жұмыс істеуге дайын ауыл тұрғындарының жобаларын жүзеге асыруға барлық көмекті көрсетеміз», - деп атап өтті облыс әкімі.

Ералы Тоғжанов, сондай-ақ облыстағы елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Кездесу барысында Қарғалы ауданының әкімі Асқар Жүсібалиев пен ірі шаруа қожалықтарының басшылары жалпы құны 500 млн теңгені құрайтын 8 меморандумға қол қойды.

Аудан аумағында жұмыс істейтін ірі шаруа қожалықтары халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрақты түрде қайырымдылық көмек көрсетіп келеді.

Қазір оқып жатыр

Рақымшылық аясында кімнің айыппұлы кешірілмейді: Кірістер комитеті нақтылады

рақымшылық

«30 жылдық тарихи миссиясын аяқтады»: Астанада Сенаттың соңғы отырысы өтті

Сенат

Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр

Жүк тасымалдаушылар

«VIP-клиенттерге есірткі әзірлеген»: Алматы облысында қылмыстық смеха әшкереленді

есірткі