Ақтөбелік әйелден 1 келіден астам есірткі тәркіленді
Ақтөбе полицейлері есірткі таратушыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. 8 маусымда Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жедел шаралар жүргізу барысында бау-бақша ұжымдарының бірінен Ақтөбе қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады.
Жеке тінту барысында әйел адамның қалтасынан салмағы 0,75 грамды құрайтын ұнтақ зат салынған бір орам табылып, тәркіленді. Әрі қарай ұсталғанның мекенжайын тінту барысында есірткі заттары салынған 10 пакет пен электрондық таразы табылып, тәркіленді. Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктінің бұған дейін бау-бақша ұжымдары аумағындағы 4 жерге есірткі қойғаны анықталды.
Тексеру кезінде ұнтақ зат салынған 70 орама табылып, тәркіленді. Тәркіленген прихотроптық заттардың жалпы салмағы 1 келіден асады. Бұл екі мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды. Күдікті Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір оқып жатыр
Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды
ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған
CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?
Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты