28 Шілде 13:56
...

Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен анасы мен баласының мәйіті табылды (видео)

Фото:

Ақтөбеде 8-ші ықшамаудандағы көпқабатты үйдің тұрғындары жағымсыз иіс сезіп, полицияға хабарласқан, деп жазады «Диапазон».

Алматы, NEGE. Полиция келгеннен кейін екі адамның мәйітін тапты. 

- 23 шілдеде Ақтөбе қаласындағы пәтерлердің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды, ешқандай зорлық-зомбылықпен өлім белгілері байқалмады. Басқа мәліметтер жариялауға жатпайды, - деп хабарлады Ақтөбе облысы полициясының баспасөз қызметі.

Пәтер иесі мұғалім екені белгілі болды, ол ауырып, жалғыз тұрған, ұлы анасына барып тұрған. 

"Біз полиция шақырдық, шыбындар ұшып, иісі өте жағымсыз еді. Полиция келіп, бәрін қоршап алды, оларды алып кетті",- дейді көршілері.

Қазір пәтер мөрленген, есіктерде арнайы бояу іздері бар, саусақ іздерін алғаны көрініп тұр. Ал көршілері бұл пәтерге дезинфекция жүргізуді сұрап отыр.

Тегтер: