USD
USD
USD

Ақтөбедегі өрт кезінде 44 адам эвакуацияланды

Бүгін сағат 13:22-де 101 пультіне Ақтөбе қаласының Жаманқұлов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы шақыру түсті. Бірінші қабаттағы пәтерде үй заттары өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі өрт кезінде 44 адам эвакуацияланды
Фото: NEGE.kz

Ақтөбе, NEGE. Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер жалынды сөндіруге және тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.

«Барлау жүргізу кезінде өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 4 адам құтқарылды. Сонымен қатар баспалдақ маршы арқылы 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды.

Өрт сағат 13.47-де сөндірілді. Өрт алаңы 20 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда», - деп жазды ТЖМ-нан.

Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің 26 өрт сөндірушісі мен 6 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, өрт орнына Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы барды.

Ақтөбе облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты