USD
USD
USD

Ақтөбедегі оқушының өліміне байланысты прокуратура мәлімдеме жасады

Ақтөбе қаласындағы оқушының өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбедегі оқушының өліміне байланысты прокуратура мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. №27 орта мектептегі оқушы өлімінен соң полиция қылмыстық іс қозғады. 

«Орта мектепте болған жазатайым оқиғадан соң Ақтөбе облыстық Полиция департаменті ҚР ҚК 141-бабы 1-бөлігімен (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Сонымен бірге Ақтөбе облысының прокуроры да қылмыстық істі өз бақылауына алды. 

«Сыныптастарының түсіндірмесі бойынша Новиков сабаққа жүгіріп кіргенде құлап, партаға соғылып, жарақат алғаны анықталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында полицияның жедел тергеу тобы, Ақтөбе қаласының прокуроры барды. Іс бойынша процестік прокурор тағайындалды. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды», - деді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Кәмшат Сәлімгереева. 

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай