14 Желтоқсан 15:33
...
Ақтөбедегі мектепте 13 жастағы бала қайтыс болды
14 желтоқсан күні Ақтөбедегі мектептердің бірінде қайғылы жағдай болды. Жетінші сынып оқушысы мектепте қайтыс болған.
Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау басқармасы осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.
"13 жастағы бала мектепте құлап, үстелдің ұшына соғылған. Клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Қарау кезінде ұйқы артериясында пульсация болмады, қан қысымы анықталмады. Есі жоқ, иек тұсы жараланған. Дереу реанимация басталды. Сағат 11:25-те қайтыс болды", – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.
Куәгерлердің айтуынша, ол сыныпқа жүгіріп кіріп, табалдырыққа шалынып, тамағымен партаның немесе үстелдің бұрышына құлаған.