USD
USD
USD

Ақтөбедегі интернатта мүгедек балаларды ұрып-соққан тәрбиеші сотталды

Ақтөбеде интернатта мүгедек балаларды ұрып-соққан тағы бір тәрбиешіге үкім шықты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақтөбедегі интернатта мүгедек балаларды ұрып-соққан тәрбиеші сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол науқас балаларды ұрып соқты деп айыпталып, бас бостандығы төрт жарым жылға шектелді. Бұған дейін осы интернаттың үш санитары да дәл осындай жаза арқалаған.

Санитар кінәсін сотта бірден мойындады. Науқас бүлдіршіндерге жәбір көрсеткені интернаттағы бейнекамераға түсіп қалған. Жай нұқып қалғаны ештеңе емес, жұдырықтап, төсекте жатқандарының үстіне жаншып отырып алғаны да анық көрінеді.

Сот процесінде санитар мүгедек балаларды бағу қиын екенін айтып кешірім сұрады. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бүгінде 42 бала тәрбиеленіп жатыр.

Барлығы ДЦП дертіне шалдыққан немесе ақыл-есі кем бөбектер. Көбінің ата-анасы жоқ. Мемлекет қарауындағы бұл балаларға күш көрсетілгені туралы интернатқа көрші орналасқан сәбилер үйінің басшысы арызданыпты.

«Ақтөбе қаласы №2 сотымен айыпталушы Кубегеновке қатысты қинау айыбы бойынша қылымыстық іс қаралды. Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – дейді  Ақтөбе облысы сотының баспасөз хатшысы Әсем Ахмет.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев