USD
USD
USD

Ақтөбедегі хром зауытында үш қызметкер ұсталды

«Ақтөбе хром қосылыстары» АҚ-дағы адам өлімі болған ТЖ кейін үш қызметкер ұсталды, деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.

Ақтөбедегі хром зауытында үш қызметкер ұсталды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «28 мамырда Ақтөбе хром қосылыстары зауытында қауіпсіздік техникасының бұзылуы салдарынан оқиға орын алған болатын. Қорытындысында, “АХҚЗ” АҚ зауытының 4-цехының төрт қызметкері химиялық күйік пен уланудан оқиға орнында көз жұмды. Екі қызметкер Ақтөбе қаласының ЖЖА жатқызылды. (…) “Гидроксил” химиялық заты болған 50 текше сыйымдылықты тазалау жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік техникасы ережелері бұзылды. ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде күдікті ретінде учаске шебері, бөлім басшысы және № 4 цех басшысы ұсталды», - делінген хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, «барлық үш адамға күзетпен ұстау шарасы қолданылды».
«Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының ПД-мен ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлімімен (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. (…) Сараптамалар тағайындалды, қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттар, наряд беру журналдары, лауазымдық нұсқаулықтар алынды. Одан әрі тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарда.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.