USD
USD
USD

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжанов Ақтөбедегі Неке сарайында 26 жастағы әйелдің кісі қолынан қаза табуына байланысты пікір білдірді.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов
Фото: Мәжіліс

Астана, NEGE. Тілшіміз депутаттан әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған заң қатаңдатылғанына қарамастан, мұндай қылмыстардың неге әлі де тоқтамай жатқанын сұрады.

Әшімжановтың айтуынша, қабылданған заң әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтті. Депутат заң қатаңдатылғалы мұндай қылмыстардың саны азайды деп есептейді. Алайда ол зорлық-зомбылықтың әлі де тоқтамай отырғанын мойындап, Шымкент пен Ақтөбедегі оқиғаларды мысалға келтірді.

«Сұрағыңыз орынды. Бізде заң қабылданды. Бірақ көріп отырсыздар, өмірде түрлі жағдайлар болып жатады. Шымкенттегі оқиғаны еске алайық. Дегенмен заң қатаңдатылғаннан кейін, меніңше, статистика азайды», – деді депутат.

Ол мұндай қылмыстардың әрқайсысына қатаң құқықтық баға берілуі керек екенін атап өтті. Әсіресе, адамды аңдып, соңына түсіп, қылмыс жасағандардың жазасын қатаңдату қажет деп санайды.

«Ара-тұра болып жатқан осындай оқиғалардың әрқайсысына құқықтық баға берілуі керек. Және қатаң жазалануы керек. Ал артынан, ізінен қалмай аңдып жүріп, қылмыс жасаған адамдардың жазасы қатаң болуы керек. Ақтөбедегі жағдай бойынша қазір тергеу жүріп жатыр. Меніңше, құқық қорғау органдары тиісті бағасын береді», – деді Жанарбек Әшімжанов.

3 қарашада Ақтөбедегі Неке сарайында 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Полицияның алдын ала мәліметінше, күдікті – марқұмның бұрын бірге тұрған азамат. Екеуінің арасында ата-ана құқығынан бас тарту мәселесіне байланысты жанжал шыққан. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев