USD
USD
USD

Ақтөбедегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері – жергілікті өндірушілерге қолдау

Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Ақтөбе
Фото: GOV.KZ

АҚТӨБЕ, NEGE. Бұл шарада облыс орталығы мен аудан-қалалардан келген тауар өндірушілер, сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасының қатысушылары өз өнімдерін ұсынды.Жәрмеңкеге келген ақтөбеліктер бір тоннадан астам ет өнімдерін сатып алуға мүмкіндік алды. Бұдан бөлек, шұбат, қымыз, құрт, ірімшік, сары май, жұмыртқа, түрлі нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, жеміс-жидек пен көкөністер сияқты табиғи әрі сапалы азық-түлік түрлері де саудаға шығарылды.

Аталған жәрмеңкенің басты артықшылықтарының бірі – ұсынылған өнімдердің бағасы нарықтағы орташа деңгейден 10–15 пайызға арзан болуы.

Айта кету керек, мұндай жәрмеңкелер Ақтөбе қаласында тұрақты түрде ұйымдастырылады. Бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы өнімді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан – отандық тауар өндірушілердің жұмысына серпін беріп, ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосады.

Қазір оқып жатыр

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров

«Әлсіз кезімізде жасаған келісімдерді сақтауымыз керек»: экономист мұнай жобалары туралы

Decaf

Алматыда үш жоғары оқу орнын бомба қойылғаны туралы хабарлама дүрліктірді

Халықаралық бизнес университеті

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының милфа туралы бейнебаяны желіде дауға қалды

Дильназ Ахмадиева