2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Ақтөбедегі 1 сынып оқушысының өлімі: Баланың әкесі жағдайдың қалай болғанын айтып берді

Ақтөбеде марқұм оқушының әкесі ит секіргенде баланың қорқып, жүрегі жарылып кеткенін айтты. Ал полиция мен білім басқармасы нақты себебін атамады, деп хабарлады Kazinform.

Бала өлімі
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Алматы, NEGE. Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде полиция, білім мен денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайын айтып, брифинг өткізді.

— Жедел жәрдем бригадасына қоңырау 07:39–да түсті. 103 бригадасы 5 минутта жетті. Бала үйінде, анасының қасында болды. Балада клиникалық өлім болған. 30 минут бойы барлық реанимациялық іс-шара жүргізілді. Алайда нәтиже болмай, өлімі тіркелді, — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Әлия Шарбақов.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның айтуынша, бала 1-сыныпта оқиды. Алдын ала хабар таратқан мектеп мұғалімі қате айтқанын, ешқандай да ит болмағанын жеткізді. Алайда баланың әкесі мән-жайды өзі түсіндіріп берді.

— Ит болды. Өздері ұстап алып кетті. Қызыл ит. Иесі бар ма, жоқ па білмейміз. Үстіне секірген, қорқып кетіп, жүрегі жарылды. Шындық сол. Осы арада көзімізбен көрдік. Мамасы артынан шығып келе жатты. Қасында апасы да болды, — деді марқұмның әкесі.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті