USD
USD
USD

Ақтөбеде ЖШС ғимаратына қарақшылық жасаған күдіктілер қамауға алынды

Ақтөбеде ЖШС ғимаратына қарақшылық жасаған күдіктілер қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде ЖШС ғимаратына қарақшылық жасаған күдіктілер қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 27 сәуірде түнгі сағат 03:00-де Ақтөбеде жауапкершілігі шектеулі серіктестерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Бетперде киген екі белгісіз адам пластикалық терезені бұзып, ЖШС ғимаратына заңсыз кіріп, күзетшіні монтировкамен ұрып, оны байлап тастаған. Әрі қарай болгарканың көмегімен сейфті ашып, 730 мың теңге сомасында ақша ұрлаған.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен полиция қызметкерлері 22 және 29 жастағы екі азаматты ұстады. Олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша қылмыс құралдары мен қаражат тәркіленді. Күдіктілердің бірі осы мекемеде бұрын жұмыс жасағаны анықталды. Ұсталғандар тергеу изоляторына қамауға алынды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-тармағының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе