USD
USD
USD

Ақтөбеде ЖОО студенті алаяқтық жолмен өзгенің атына несие рәсімдеген

Ақтөбеде ЖОО студенті алаяқтық жолмен өзгенің атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде ЖОО студенті алаяқтық жолмен өзгенің атына несие рәсімдеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қыркүйек айында Ақтөбе қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінің 4-курс студенті 48 жастағы әйелді алдап, банкке ірі көлемде қарыз қылған. Ол жәбірленушіні тауарлық кредитті ақшаға айналдырып беретініне сендіріп, ұялы телефонына түскен мобильді кодты айтуды сұраған. Салдарынан күдікті аңғал әйелдің атына банктен 1 млн 700 мыңнан астам сомаға несие рәсімдеген.

Банкке ірі көлемде қарыз екенін жәбірленуші қазан айында біліп, полицияға арызданды. Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Студент кінәсін мойындап, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап жібергенін жеткізді.

Алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton