USD
USD
USD

Ақтөбеде жол апатынан алты адам қаза тапты

Ақтөбе облысында Қырғызстан азаматының қатысуымен болған жол апатынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақтөбеде жол апатынан алты адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жол апаты 30 шілде сағат 23:30-да Самара-Шымкент тасжолында болған. Бұл - Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңы. Honda Fit маркалы автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кеткен. Рульде Қырғызстан Республикасының азаматы отырған. Салдарынан Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан Lada Largus маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, Honda Fit автокөлігінің жолаушысы мерт болды. Honda Fit автокөлігінің жүргізушісі 30 жастағы жолаушымен бірге түрлі жарақатпен Ырғыз аудандық ауруханасына жатқызылды",- делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт