Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақтөбеде жылу құбырларының 40 пайызы тозды

Ақтөбе қаласында жылу құбырының 40% тозып тұр. Биыл 4,5 шақырым құбыр жаңартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жылу құбырларының 40 пайызы тозды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жылыту маусымы кезіне коммуналдық мекеме басшылары күндіз-түні кезекшілікпен жұмыс істейді. Қазіргі кезде жылыту орталығы үздіксіз қызмет көрсетіп тұр. Бюджеттік ұйымдар үшін 33 мың тоннадан астам көмір және 1700 тоннадан астам дизель отыны жеткізілді. Ал қарапайым халық үшін 24 мың тонна көмір жеткілікті.

«Тұрғындарға арналған көмір шілде айынан бастап әлі тасымалданып жатыр. Бүгінде 20400 тонна қатты отын тасылды. Тоннасы 17-18 мың теңге. Сонымен бірге 19 вагон көмір жолда келе жатыр», - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұртай Сертаев.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласына «Aqtobesu-Energy Group» АҚ-ы қызмет көрсетеді. Компанияда 25 қазандық, 263 шақырымға жуық жылу желісі бар. Мекеме 98 мың жеке, 2600-ден астам заңды тұлғаға қызмет көрсетеді.

«Жылумен жабдықтау нысаны штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Негізі жылу желісінің 40 пайызы тозған. Жыл сайын инвестициялық бағдарлама аясында ауыстыру жұмысы жүргізіледі. 2025 жылға дейін жылу құбырын жөндеуге 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады», – деді «Aqtobesu-Energy Group» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Рүстем Арыстанов.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар