USD
USD
USD

Ақтөбеде жыл соңына дейін сұйытылған газдың шекті бағасы 50 теңге болады

 Ақтөбе облысында сұйытылған газдың шекті бағасы жыл соңына дейінгі мерзімде 1 литрі үшін 50 теңге мөлшерінде бекітілді.

Ақтөбеде жыл соңына дейін сұйытылған газдың шекті бағасы 50 теңге болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақовтың өңірге сапары барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Энергетика министрлігі өндіруші зауыттардың шығындарын ішінара өтеу мақсатында сұйытылған мұнай газын өндірушілер мен өткізушілер арасында кірістердің әділ бөлінуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өндіру зауыттарын ынталандыруға мүмкіндік беретін шекті көтерме сауда бағасын 1 тоннасы үшін 33 600 теңге (19,7 теңге/литр) деңгейінде бекіту туралы бұйрық қабылдады», – деді Болат Ақшолақов облыс халқымен кездесуде сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаларды мемлекеттік реттеуді сақтап қалды және Ақтөбе облысы үшін сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағаларын ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде 1 литр үшін 50 теңге мөлшерінде бекітті.

Болат Ақшолақов министрлік ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, бағалардың алыпсатарлық ауытқуына жол бермей, сұйытылған мұнай газын облыстар бойынша бөлу тетігінің реинжинирингін жүргізу бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

Осы шаралардың бірі ретінде белгілеген бөлшек сауда бағаларын негізге ала отырып, өндіруші зауыттардың сұйытылған мұнай газына шекті көтерме сауда бағаларын айқындауы жөніндегі қағидалар әзірленетін болады, бұл сұйытылған мұнай газын өндірушілер мен өткізушілер арасында кірістерді әділ бөлуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ зауыттарды сұйытылған мұнай газын өндіруге ынталандыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасына сәйкес сұйытылған мұнай газы биржасына ауысу 2023 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды. 20 шілдеде биржалық сауда-саттық кезінде бағаның күрт көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік беретін Биржалық сауданың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков