USD
USD
USD

Ақтөбеде жалған полиция куәлігін сатқан ер адам ұсталды

Ақтөбеде жалған полиция куәлігін сатқан ер адам ұсталды - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде жалған полиция куәлігін сатқан ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе қаласында облыстық Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалған қызметтік куәліктерін дайындау және сату бойынша қылмыстық әрекет тоқтатылған.

"Жергілікті тұрғын компьютердің, түрлі-түсті принтердің және ламинатордың көмегімен жалған полиция куәліктерін жасап, қарапайым азаматтарға сатқан. Оның пәтерін тінту кезінде кеңсе жабдықтарынан басқа ІІМ қызметкерлерінің куәліктеріне арналған жүзден астам мұқаба тәркіленді. Күдікті жедел уәкілдің "корочкасын" сатқаннан кейін арнайы іс-шараларды өткізу кезінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс қозғалды, күдікті жасап, сатып үлгерген жалған қызметтік куәліктерді анықтау және тәркілеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық