USD
USD
USD

Ақтөбеде жалдамалы жұмысшы үй иесінің құнды сағатын ұрлап кеткен

Ақтөбеде жалдамалы жұмысшы болып істеген азамат үй иесінің құнды сағатын ұрлап, сатып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде жалдамалы жұмысшы үй иесінің құнды сағатын ұрлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 6 қарашада Ақтөбе қалалық полиция бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғын ұрлық дерегі туралы арызданды. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне үйінен құны 280 мың теңгеден асатын смарт сағаты жасырын ұрланғанын хабарлады. Арызданушының айтуынша, ол өзінің құнды сағатын бөлмедегі терезенің алдына қойып, орнынан таппаған.

Осы дерек бойынша криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жәбірленушінің үйінде жуырда жөндеу жұмыстарын жүргізген тұлға күдікке ілінді. Тексеру барысында жұмысшының бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 36 жастағы азамат екені анықталды.

Темір ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын ол Ақтөбе қаласына жалданып жұмыс жасауға келіп, үйді жөндеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін үй иесінің сағатын ұрлап кеткен. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады.

Ол ұрлаған сағатты базарға апарып, белгісіз адамға сатып жібергенін айтты.

Ұрлық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыны дамыту мәселесі Президент деңгейінде қарастырылуы тиіс – саясаттанушы

Алматы

Рақымшылық аясында кімнің айыппұлы кешірілмейді: Кірістер комитеті нақтылады

рақымшылық

«30 жылдық тарихи миссиясын аяқтады»: Астанада Сенаттың соңғы отырысы өтті

Сенат

Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр

Жүк тасымалдаушылар