USD
USD
USD

Ақтөбеде зейнеткерлерді алдаған күдіктілер қолға түсті

Ақтөбеде зейнеткерлерді алдап, ірі көлемдегі ақшаларын иеленген күдіктілер қолға түсті. Олардан 15 млн теңге тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде зейнеткерлерді алдаған күдіктілер қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 13 шілдеде Ақтөбе қаласының 84 жастағы тұрғыны қалалық полиция бөліміне алданғаны туралы арызданды. Зейнеткердің айтуынша, белгісіз тұлғалар оның қызының жол-көлік оқиғасына тап болғанын және оған ота жасау үшін ірі көлемде ақша қажет екенін айтқан.

Банк қызметкерлерінің қатысуымен жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ақша қаражатын аудару кезінде 3 алматылық күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандардан 15 миллион теңге тәркіленді, олар банктердің терминалы арқылы ақшаны өздерінің сыбайластарының шоттарына жібермек болған.

Сонымен қатар қылмыстық істі тергеу барысында ұсталған күдіктілердің осындай тәсілмен Ақтөбе облысының аумағында қарт адамдарға қатысты ірі көлемде бірнеше алаяқтық жасағандары анықталды.

Қазір оқып жатыр

ДСМ жүргізген тексеруден кейін 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

оңалту орталығы

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім

Жұманғарин Алматыдан бизнестің жаппай көшу қаупін жоққа шығарды

салық

«Жалынып, жылауға дейін бардым»: Ақтауда дәрігерге тап берген ер адам өз шындығын айтты

Шанжархан