USD
USD
USD

Ақтөбеде үлкен жол апаты болды

Ақтөбе облысы арқылы өтетін халықаралық тасжолда 11 көлік қақтығысып, 8 адам зардап шекті», – деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Ақтөбеде үлкен жол апаты болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 21 желтоқсан күні халықаралық «Самара-Шымкент» тасжолының 859 шақырымында 11 мәшине соқтығысты. Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «ВАЗ-2115» жеңіл көлігімен бетпе-бет соғылысқан. Жол апатынан зардап шеккен қос көліктегі 8 адам түрлі дене жарақаттарымен жедел түрде Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді.

Осы оқиғадан кейін Хромтау қаласы бағытынан келе жатқан Volvo ауыр жүк көлігі жол жиегінде тұрған тоғыз мәшинені барып соққан. Жараланғандар жоқ.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл кезде жолдың осы бөлігінде барлық типтегі көліктерге жолдың жабылғандығы ескертілгенін жеткізуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыздан астам адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы