USD
USD
USD

Ақтөбеде түрмеден қашқан қауіпті қылмыскер іздестірілуде

Ақтөбеде ауыр қылмысқа күдікті деп танылған азамат қамаудан қашып кетті. Ақпаратты полиция департаменті растады.

Ақтөбеде түрмеден қашқан қауіпті қылмыскер іздестірілуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Құқық қорғау органдарында ер адамның әлі қолға түспегенін айтты. Күдіктінің қалай қашқаны жайлы нақты дерек бермеді. 
1973 жылы туған М.Айтқалиев 23 қаңтар күні таңертең қашып кеткені жайлы ақпарат тараған. 

Ол аса ауыр қылмыстарда күдікті деп танылған. Айтқалиевті медициналық көмек көрсету үшін тергеу изоляторынан жедел жедел жәрдем ауруханасына апарған. Күдікті мекемеден сырт киімсіз қашып кеткен. 

Полицейлердің дерегіне сүйенсек, ол жағасы бар қалың жемпір, сүр түсті футболка және қара түсті шалбар киген. Аяқ киімі де қара түсті. 

Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам процедура кезінде дәрі тамызғышпен бірге қашқан. Денесінде пышақ жарақаттарынан кейін қалған тыртықтары бар. 

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті