USD
USD
USD

Ақтөбеде тәнін саудалаған 15 әйел мен үш жеңгетай ұсталды

 Ақтөбе облысының аумағында «ЅТОР трафик» алдын алу шарасы өтті.

Ақтөбеде тәнін саудалаған 15 әйел мен үш жеңгетай ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онда 3 жеңгетай мен жыныстық қарым-қатынас ұсынған 15 адам ұсталды. Тәртіп сақшылары пәтерлерді, жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша, сауна мен қонақ үйлерді тексерді. Сондай-ақ адамның еңбегін заңсыз пайдалану, ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру қылмыстарын ашу мақсатында шаруа қожалықтары мен құрылыс нысандарын аралап шықты. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда адамдарға тиіскен 63 деректі тіркеді.

Үш дерек негізінде Қылмыстық кодекстің «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» және бір дерек негізінде «Адам саудасы» бабы бойынша іс қозғалды. «Жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлыққа әдейі үй-жайлар берудің үш дерегі анықталды. Сонымен қатар тәнін саудалаған 15 әйел мен үш жеңгетай анықталып, есепке алынды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір оқып жатыр

Karachaganak Support Service компаниясының негізін қалаушы 2,2 млн доллар жымқыру ісі бойынша сотталды

Сот балғасы

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер