USD
USD
USD

Ақтөбеде тамызда жоғалған әйелдің мәйіті табылды

Ақтөбеде тұрғын үйден зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің мәйіті табылды.

Ақтөбеде тамызда жоғалған әйелдің мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің жоғалып кеткені туралы қыркүйектің басында белгілі болды.

Сол уақытта полицияға жоғалып кеткен әйелдің күйеу баласы арызданған. Ол Қарғалы ауылында тұратын қайын енесінің тамыздың соңында үйінен шығып, сол күйі оралмағанын айтқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында әйелдің спирттік ішімдік тұтынып, үйден жиі кететіні анықталды. Оның баруы мүмкін жерлер тексерілді.

Жедел уәкілдер тұрғый үйдегі пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар мәйітті тапты.

"Полиция қызметкерлері пәтерлерді аралау барысында күдіктінің жалғыз тұратынын және тұрғындармен араласпайтыны анықтады. Көршілері оның жеке өмірі туралы ештеңе білмейді. Сондай-ақ күдіктінің бір ай бойы жұмысқа шықпағаны анықталды", - деді Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығы Ағытай Арыстанов.

Күдікті ұсталды, ол кінәсін мойындады. Оның айтуынша, мас күйінде әйелді ұрып-соғып, осы уақытқа дейін үйіне қайтпай, ішімдік ішіп жүрген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы