USD
USD
USD

Ақтөбеде су жағасында 760 құқық бұзушылық анықталды

“Таза Қазақстан” республикалық алдын алу іс-шарасы аясында Ақтөбе облысының су жағажайларында бойындағы рейдтер нәтижесінде полиция қызметкерлері 760 бұзушылықты анықтады.

Ақтөбеде су жағасында 760 құқық бұзушылық анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 25 шілде мен 30 тамыз аралығында облыс аумағында экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, соның ішінде облыс су жағажайларында құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында “Таза Қазақстан” республикалық алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу үшін полиция қызметкерлерімен қатар, экология департаментінің, ТЖД және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлерімен бірге мобильді топтар құрылды. 25 шілдеден бастап полицейлер 140-тан астам рейд жүргізді, оның барысында су жағажайларында қауіпсіздікті сақтау ережелері туралы жадынамалар таратылды, сондай-ақ 760 құқық бұзушылық фактісі анықталды, оның ішінде екі қылмыстық және 758 әкімшілік іс қозғалды. Атап айтқанда, ортақ су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 257 әкімшілік іс, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін – 233, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін – 89, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін – 100 – ден астам, белгіленген орындардан тыс сауда жасағаны үшін – 11 іс қозғалды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері ақтөбеліктермен су жағажайларында қауіпсіздікті сақтауды, табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға жол бермеу, санитарлық ережелер мен өрт қауіпсіздігін сақтау туралы профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

АҚШ-қа тікелей рейс: FAA Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалау жұмысын аяқтады

FAA сарапшылары отырысы

Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

Елена Рыбакина

«Креслосыз» қалған Әшімбаев: саясаткердің ықпалы әлсіреді ме?

Мәулен Әшімбаев

Алексей Чуркин Азиадада ауыр атлетикадан әлем рекордын жаңартты

Алексей Чуркин