USD
USD
USD

Ақтөбеде скутер жүргізушісі көз жұмды

Ақтөбеде 18 шілдеде кісі өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды.

Ақтөбеде скутер жүргізушісі көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 18 шілде күні сағат 22:37-де Ә.Молдағұловамен Әбілқайыр хан даңғылдарының қиылысында кісі өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы орын алды. Байғанин ауданының 1982 жылы туған скутер жүргізушісі Ә.Молдағұлова даңғылымен келе жатып, Есет батыр көшесі бағытында бағдаршамның тыйым салынған сигналынан өтіп кетіп, 1960 жылы туған ақтөбеліктің басқаруындағы “ВАЗ-21103” автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутер жүргізушісі Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. 19 шілдеде алған жарақатынан есін жинамай, ол жан сақтау бөлімінде көз жұмды. “ВАЗ-21103 “автокөлігінің жүргізушісі сараптамаға сәйкес, ішімдік ішпеген.

Қазір оқып жатыр

«Аудитория әлі есеймеген»: Баян Алагөзова ашаршылық туралы фильмге қатысты пікір білдірді

Баян Алагөзова

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар