USD
USD
USD

Ақтөбеде шетелдік азаматтан есірткі тәркіленді

Ақтөбеде шетелдік азаматтан есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде шетелдік азаматтан есірткі тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Көлік полицейлері Ақтөбе станциясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өзбекстанның 25 жастағы азаматын анықтап, ұстады. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 4,88 грамм мефедрон есірткі затының 11 бумасы табылып, тәркіленді.

Қаскүнем оны Ақтөбе қаласы бойынша өткізу үшін сақтаған.

– Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы (Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұсталған азамат Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Жалмағамбеттің айтуынша

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі дрон шабуылынан кейін Атырау – Самара құбыры арқылы мұнай тасымалы қайта жанданды

Мұнай құбыры

Польша Ресеймен шекарада диверсия қаупіне байланысты арнайы операция бастады

әскери адам

10-11 қарашада Абу-Дабиде АҚШ, Украина мен Ресей тараптары келіссөз жүргізеді

тулар

Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасының екінші кезеңіне өтінім қабылдауды бастады

Отбасы банк