USD
USD
USD

Ақтөбеде полицейлер 25-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды

3 қараша түскі мезгілде тәртіп сақшылары Мөлдір Асылбаева мен Ақасыл Дәулет жұмыс бабымен 11-мөлтек ауданда  орналасқан “Ақтөбе ажары” тұрғын үй кешенінің жанынан өтіп бара жатып, 25-қабаттан секірмек болған адамды байқап қалған. 

Ақтөбеде полицейлер 25-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицейлер бірден 25-қабатқа көтерілген кезде, қасына адамдарды жақындатпай, өзіне қол жұмсағалы тұрған қатты эмоционалдық күйдегі әйел адамды көріп, алдымен әңгімелесу арқылы оны дереу тыныштандыруға көшкен. 

32 жастағы әйел полицейлерге жақын туыстарының қазасынан және жақын адамдары мен отбасы мүшелерімен туындаған келіспеушіліктер салдарынан өмірден түңіліп, осындай қадамға барғанын жеткізді. 

Полиция қызметкерлері әйелді сабырға шақырып, оған көмектесетінін, қиын жағдайдан шығуға көмек беретінін айта отырып, 1 сағаттан астам әңгімелесу жүргізіп, нәтижесінде   азаматшаны бұл қадамнан бас тартуға көндіріп, аман алып шықты. Әйел медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар